Қытай тұрғындары порно қараудан көшбасшы атанды

11 Желтоқсан 2014, 15:25
0
Қытай тұрғындары порно қараудан көшбасшы атанды - ©Gizmodo.com
©Gizmodo.com

Қытай тұрғындары порноны ең ұзақ уақыт көру бойынша көшбасшы атанды. Бұл туралы Gizmodo басылымы PornHub порносайтының статистикасына сілтеме жасай отырып хабарлады. Порталда жарияланған инфографикада қытайлардың порноны орташа есеппен бір күнде 14 минут 34 секунд көретіні айтылады.

Қытайдан кейін порнографияға әуес елдер - Филиппиндер, Непал, Оңтүстік Корея, Нигер, Буркина-Фасо, Бенин, Камерун, Сенегал, Ботсвана және Мадагаскар. 

Инфографикада Қазақстан жайлы ақпарат жоқ, ал Ресей болса, 7 минут 46 секунд көрсеткішпен бесінші орындағы елдер қатарына енді. Ересектерге арналған фильмдерді Мысыр, Ирак және Куба елдері аз көреді. 

Сонымен қатар, рейтинг жасалғанда PornHub сайтындағы видеороликтердің ұзақтығы ғана есептелгені хабарланып отыр. Бұл портал әлемдегі ең ірі порносайттардың бірі, ресурсқа күніне 20 миллионнан астам адам кіреді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай