21 шілде 2020 15:15

Қытайлық жігіт қазақстандықтарға коронавирусқа байланысты үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews © Tengrinews

Алматыда алты жыл тұрған Дин Гун Цзы есімді қытайлық жігіт қазақстандықтарға үндеу жасады. Жас жігіт 14 миллион халқы бар Тяньцзинь қаласында карантинде жатып, аман-сау қалған. Одан бөлек, оның отбасы мүшелері де коронавирус жұқтырмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда алты жыл тұрған Дин Гун Цзы есімді қытайлық жігіт қазақстандықтарға үндеу жасады. Жас жігіт 14 миллион халқы бар Тяньцзинь қаласында карантинде жатып, аман-сау қалған. Одан бөлек, оның отбасы мүшелері де коронавирус жұқтырмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дин Гун Цзы бұған дейін де қазақстандықтардан сақ болуын сұраған. Сол кезден бері бірнеше уақыт өткен. Оның туған қаласындағы жағдай айтарлықтай жақсарған. Қытайлық жігіттің айтуынша, елде қаңтарда енгізілген карантин біртіндеп жеңілдеп жатыр. Алайда жергілікті халық әлі де сақтанып жүр. 

"Қалада барлық жер ашылған. Бірақ адамдар әлі де сақтанып жүр. Көбі маска тағады. Сыртқа көбіне жұмысқа байланысты шығады, себебі ақша табуы керек қой. Жақында әжем 80-ге толды. Біз әдетте мұндай мерекелерді тойлайтынбыз, бірақ биыл әжем керек емес деді", - дейді ол. 

Дин Гун Цзы Қазақстандағы жағдайға алаңдаушылық білдірді. Ол, әсіресе, "белгісіз пневмония" туралы жаңалықтар қорқынышты екенін айтады. 

"Сіздерде белгісіз пневмония тарап жатыр деп естідім, оны жергілікті БАҚ-тар хабарлап жатыр. Мен ол қандай ауру екенін айта алмаймын, себебі мен маман емеспін. Бірақ бір айтарым - ол маусымдық тұмау емес, бұл өте қауіпті.  

Менің Алматыдағы досым, оның баласы мен әйелі коронавирусты сауда орталығында жүргенде жұқтырған. Бәрін уайымдаймын, сондықтан Қазақстандағы жағдай оңалса деймін. Бірақ ол үшін жұмыла әрекет ету керек", - дейді қытайлық жігіт. 

Дин Гун Цзы COVID-19-бен күресу тек дәрігерлер мен полицейлердің емес, сондай-ақ әр адамның міндеті екенін айтады. 

"Әр адам бұл ауруды қалай жеңсек, оның тарауын қалай тоқтатсақ деп ойлауы керек. Менің дискотекаға бармағаныма жарты жыл болды. Мен үнемі достарыммен қыдырғанды ұнататынмын. Бірақ бұл уақыт аралығында оларды істемедім. Себебі мен жақындарымды, отбасымды жақсы көремін - ең бастысы осы.

Менімен бірге ата-анам, әжем, атам тұрады. Егер мен ауырып қалсам, оларға да жұқтырамын, аман қаларымыз екіталай. Сондықтан мен тәуекелге бармай, үйде қаламын. Адам көп жүретін жерге бармаймын, сыртта маска тағып, қолымды жиі жуамын. Егер тығыз жұмыстар болмаса үйде отырған дұрыс. Енді өмір өзгерді, жаңа ережеге үйрене бастау керек", - деп түсіндірді қытайлық жігіт.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети