Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаев саяхатқа автоүймен аттанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаев саяхатқа автоүймен аттанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Демалыс! Қызықтар енді басталады! Керек заттың бәрін өзімізбен бірге алып саяхатқа аттандық. Қайда баратынымызды жолда көңіл-күй мен ауа райына байланысты шешеміз. Тілек пе? Жолымыз болсын!"Көз тимесін))", - деп жазды Бегентаев әлеуметтік желіде.
Бұған дейін КТК телеарнасының тілшілеріне берген сұхбатында депутат демалыстағы жоспарларымен бөліскен еді. "Менің автоүйім бар. Әйелім, кішкентай балаларымызбен бәріміз әдемі аймақтарды аралаймыз. Бұл қазақстандық стильде болады", - деді ол сол кезде.