Мексикада 1,6 мыңнан астам адам жаппай некелесті

15 Ақпан 2015, 14:04
0
Мексикада 1,6 мыңнан астам адам жаппай некелесті - ©bbc.co.uk
©bbc.co.uk

Әулие Валентин күні Мексика астанасында жаппай некелесу салтанаты өтті, - деп хабарлайды BBC Russian

Бір мезгілде 1,6 мың ғашық адам некелесті. Мейрамның құрметіне орай неке туралы куәліктер оларға тегін берілді. Шараға Мехико мэрі Мигель Анхель Мансера қатысты. Ол осылайша тұрмысы төмен жұптарға ресми түрде отбасын құруға мүмкіндік берілгенін айтты. 

Мехикода 2013 жылдың 14 ақпан күні де жаппай үйлену шарасы өткен. Ол кезде 412 жұп жариялы түрде азаматтық некеге тұрды. Еске салайық, 2011 жылдың ақпан айында жаппай некелесу салтанатты Үндістанда өтті. Елдің батысындағы Амравати қаласында бір мезгілде 3600 жұп үйленді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай