25 тамыз 2020 10:06

Мемге айналған беларусьтік әскери қызметкер әрекетін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин видео Скрин видео

Мемге айналған беларусьтік әскери қызметкер әрекетін түсіндірді. Бұл туралы ол RT телеарнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.


Мемге айналған беларусьтік әскери қызметкер әрекетін түсіндірді. Бұл туралы ол RT телеарнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Ол Беларусьтің ішкі әскерінде қызмет етеді екен. Қызметкердің әрекеті Минискідегі митинг кезінде суретке түсірілген. 

Сурет 9 тамызда Минскідегі рұқсат етілмеген митинг кезінде түсірілген. Онда әскери қызметкер екі қолымен қимылсыз жатқан жерде наразылық білдірушіні меңзейді. 

Сонымен қатар, кейбір желі қолданушылары мем авторларын сынаған да болатын. Себебі, құқық қорғау қызметкерлері мен халық арасындағы қақтығыс күлкілі емес.

Әскери қызметкер өз сұхбатында суреттегі адамның мас болғанын айтады. Тіпті, ол есірткі де қолданған-мыс.

"Құдайға шүкір, медицина қызметкерлерін таптық. Әйтпесе, жағдай қиын болар еді. Ол ұсталып, біздің көлігімізге отырғызылды", - дейді ол.

Ішкі әскер қызметкерінің айтуынша, ол өзінен 100 метр қашықта жедел жәрдем қызметін көрген. Кейін жанындағыларға мас ер адамды медицина қызметкерлеріне беруге тапсырған. Осы уақытта ол ес-түссіз жатқан. Ішкі әскер қызметкерлері оған көмектесуге де тырысып көріпті.

"Осы уақытта оң жағымда шамамен 50 метр жерде адамдар болды. Олар маған "Оны жібер!" деп айғайлады. Мен адамға медициналық көмек көрсетіп жатқанымды айттым. Олар менің сөзіме құлақ та асқан жоқ. Халық ақылынан алжасқан еді. Осы уақытта мен орнымнан тұрып, екі қолымды одан алдым. Оларға мен оны жібердім. Не болды?" деп екі қолыммен меңзедім. Ол жерде жатты", - дейді әскери қызметкер.

Митингіге қатысушылар оның бұл әрекетіне жауап бермеген. Ол адамдар көмектеспейтінін түсінген соң әріптестеріне дәрігер шақыруды бұйырған. Дәрігерлер мас ер адамға көмек көрсетіп, оны қауіпсіз жерге алып кеткен.

Айта кетейік, 9 тамызда Беларусьте президент сайлауы өтіп, соңы тәртіпсіздікке ұласқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети