14 маусым 2019 09:29

Мен жер бетіндегі ең бақытты ақынмын - Ринат Зайытов

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/rinat_zaitov_resmi © instagram.com/rinat_zaitov_resmi

Ринат Зайытов Алматыдағы митингілер кезінде өзіне қорған болып, жиналған жұртқа рақметін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ринат Зайытов Алматыдағы митингілер кезінде өзіне қорған болып, жиналған жұртқа рақметін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, кеше ақынның Семейде екені белгілі болған. Түрлі басылымдарды танитын өнер адамдары оның қайда екенінен бейхабар екенін айтып, сұхбат берген еді.

"Ардақты ағайын мен жер бетіндегі ең бақытты ақынмын. Басыма күн туған сәтте мені Халық қорғады. Осы жазбаны жазып көзіме жас толып жылап отырғанымды сіздер әрине көрмейсіздер. Ештеңе етпейді. Мен двдның ішінде отырғанда сіздер далада мені қорғап тұр деп естігенде төбемнен жай түскендей болды. Жүрексіздерге жем болып жатқан жазықсыз жұртының мұңын жоғарыға жеткізе алмай жүрген жаман ұлын Халық осылай сақтайды деп кім ойлаған?", - деген айтыскер халқына алғыс білдірді.

"Рақмет сіздерге!!! Бәріңізге өмірлік қарыздармын! Алғысымды жеткізетін сөз таппай қиналып отығаным ай... Бар шаруасын ұмытып, басын бәйгеге тігіп келген сіздер нағыз батырсыздар! Бәріңізге Алланың нұры жаусын! Мені танымаса да Ринатым деп келген адамдар, достарым, әріптестерім, туыстарым, бауырларым, Ант етейін сіздерді ешқашан сатпаймын! Ғұмырым жеткенше сіздердің сөздеріңізді сөйлеп, сіздер үшін ештеңеден тайсалмаймын! Мен сіздерге өмірлік қарызбын ағайын! Барлығыңызды құшақтадым. Аман болайық. Сүйемін сіздерді!", - деп жазды Ринат Зайытов Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, 10 маусымда Зайытовтың "Алматы Арена" маңындағы алаңда ұсталғаны хабарланған еді. Кейін ол өзінің босап шыққанын айтып, алматылықтарды сабырға шақырып, видео жариялаған.

Ал 11 маусымда полиция өкілдері оның ұсталуына қатысты пікір білдірген. "Зайытов Алатау ауданында рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін полицияға жеткізілді. Түсіндірме жұмыстары жүргізілген соң Ринат Зайытов үйіне қайтарылды", - деді полициядағылар.

Кейін халық Алматыда Масанчи мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы полиция ғимараты алдына жиналған. Сол кезде Ринат Зайытов оларды тағы да сабырға шақырып, үйге тарауын өтінген болатын.

"Барлықтарыңызды жақсы көремін. Жасыратын несі бар, осындай кезде үй өртеніп жатқан кезде біреу бас ұйытқысы келеді, арандататындар болады, оның несін жасырамын. Бірақ ол үшін қарапайым қазақ неге жылауы керек? Қарапайым қазақтың неге маңдайы қанауы керек? Осыны түсініңіздерші, мен барлығыңыз үшін осы жерде өлуге дайынмын. Маған реніші болатын болса, мені ұрсыншы. Мен жаңа үйден келдім, сондықтан барлығыңыз тараңыздар. Дәл осы сәтте арандатуға түсіп қалмай, тараңыздар", - деген еді Ринат Зайытов жиналған жұрттың алдында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети