29 сәуір 2019 11:56

Мөлдір Әуелбекова басшылық қызметке тағайындалды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мөлдір Әуелбекова Мөлдір Әуелбекова

Мөлдір Әуелбекова "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының шығармашылық қызметінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мөлдір Әуелбекова "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының шығармашылық қызметінің басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"29 сәуірде Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Жеңіс Сейдоллаұлының бұйрығымен Мөлдір Әуелбекова шығармашылық қызметтің басшысы болып тағайындалды. Эстрада, классика, фольклор, театр бағытындағы еліміздің үздік шығармашылық ұжымдарын бір арнаға тоғыстырып, қазақ өнерінің қара шаңырағына айналған "Қазақконцерттің" шығармашылық қызметіне енді Мөлдір Әуелбекова басшылық жасайды", - деп жазылған "Қазақконцерт" бірлестігінің Instagram желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, әнші өзінің жеке парақшасында да жаңалықты бөлісті. 

"Апта жақсы жаңалықпен бастау алды! Әр жетістігім сіздердің қолдауларыңыздың арқасы! Рахмет!" - деп жазды Мөлдір Әуелбекова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Апта жақсы жаңалықпен бастау алды! Әр жетістігім Сіздердің қолдауларыңыздың арқасы! Рақмееееееет!???????? #repost @qazaqconcert ・・・ Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова жаңа қызметке тағайындалды ​ 29 сәуір, 2019. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Ж.Сейдуллаұлының бұйрығымен Мөлдір Әуелбекова шығармашылық қызметтің басшысы болып тағайындалды. @zhenisseidullauly @moldir.auyelbekova @qazaqconcert ​ Эстрада, классика, фольклор, театр бағытындағы еліміздің үздік шығармашылық ұжымдарын бір арнаға тоғыстырып, қазақ өнерінің қарашаңырағына айналған «Қазақконцерттің» шығармашылық қызметіне енді Мөлдір Әуелбекова басшылық жасайды. Бұдан бұрын ол «Қазақконцерттің эстрадалық топтарына жетекшілік етіп, шығармашылық ізденістерінде жаңа идеялар мен тың бастамаларға бейім екендігін көрсетті. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі 2011 жылы эстрадалық өнер магистрі атанған. ​ ​ Мөлдір Есіркепқызының шығармашылық жолы талант, кәсібилік шеберлік, тынымсыз еңбек нәтижесінде биік белестерді бағындыруға болатынын дәлелдейді. Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, танымал әнші, актриса әрі жас продюсер ретінде Мөлдір Әуелбекова қазақ эстрада өнерінің дамуына елеулі үлес қосуда. ​ ​ Мəдениет жəне ɵнер саласындағы жоғары жетiстiктерi үшiн 2018 жылы «Құрмет» орденінің иегері атанды. ​ ​ Еліміздің мәдени кеңістігінде өзіндік орны бар кәсіби өнер иесі ретінде Мөлдір Әуелбекова жаңа қызметте абырой биігінен көрініп, шығармашылық салада биік асуларды бағындыратынына сенеміз.

Публикация от MOLDIR.AUYELBEKOVA (@moldir.auyelbekova)

Еске салсақ, 2018 жылдың сәуір айында Мөлдір Әуелбекова "Қазақконцерт" бірлестігінің эстрада бөлімінің басшылығына тағайындалған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети