Назарбаевтың шахтерлер алдында сөз сөйлеген сәтінен мұрағат видео жарияланды 24 тамыз 2019, 16:27
Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Кеңес заманында шахтерлер алдында сөйлеген сөзінің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі elbasy_nazarbaev парақшасына жүктелді. Ол кезде Назарбаев Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы қызметін атқарған. Кадрларда Тұңғыш Президент Қарағандыда шахтерлердің сұрағына жауап беріп тұр.