NINETY ONE тобын кімнің "аңдып жүргені" белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

NINETY ONE тобын кімнің "аңдып жүргені" белгілі болды © "Қызық TIMES" бағдарламасы

"Хабар" телеарнасындағы "Қызық TIMES" бағдарламасының жүргізушілері NINETY ONE тобы мен айтыскер ақын Ринат Зайытовтың арасында болған кикілжіңді жарасымды әзілмен көрсетті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Хабар" телеарнасындағы "Қызық TIMES" бағдарламасының жүргізушілері NINETY ONE тобы мен айтыскер ақын Ринат Зайытовтың арасында болған кикілжіңді жарасымды әзілмен көрсетті.

Жүргізушілер Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек бұл жолы қазақстандық q-pop жанрын дамытып жүрген топты қонаққа шақырып, түрлі эксперимент жасады. Ерболат Беделханның шәкірттері шығарған соңғы бейнебаян - "Қайтадан" әніне түсірілген клип әзілге арқау болды. Мәселен бейнебаяндағы адамдардың бірі айтыскер ақын Ринат Зайытов болып шығып, ол әр көрінгенде қолына түрлі қару ұстап тұрады. Соңында жүргізуші айтыскер ақын мен топтың арасындағы кикілжіңді осындай жарасымды әзілмен көрсетіп, түсініспеушіліктердің соңы осындай қалжыңмен ғана аяқталғанын қалайтынын айтады. Жүргізушілер Ринат Зайытовқа құрметпен қарайтынын атап өтті.

Тағы бір экспериментінде бағдарлама жүргізушілері NINETY ONE тобының сыңары ретінде NINETY NINE тобын таныстырады. Топтың әзілге толы өнерін мына видеодан көре аласыздар. 

Сонымен қатар, сұхбат барысында ел-жұртқа мәлім болмаған дүниелер де айтылды. Мәселен, топтың мүшелері спорттан құр алақан емес. Мәселен, Азамат Зенкаев (Az) бокстан спорт шеберіне үміткер дәрежесін алған екен. Ал топтың солисі Батырхан Мәліков (Alem) дзюдомен айналысқан. Бағдарламаның толық нұсқасын мына видеодан көре аласыздар.

"Қызық Times" - "Хабар" телеарнасындағы әзілге толы бағдарлама. Осыған дейін бағдарламаның авторлары мен жүргізушілері бірқатар қызықты эксперимент жүргізген еді. Мәселен, қазақ жұлдыздарының WhatsApp-тағы "әңгімесі" қолданушыларды күлдірген болатын. Ал кейін оның жалғасы пайда болған еді. Сонымен қатар, бұл бағдарламада Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит рэп оқып берген болатын. Сонымен қатар, әнші Қайрат Нұртас "ҚызықTimes" бағдарламасында қазақсандық чемпион қыздар мен елімізге белгілі әйелдерге ән арнаған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети