11 қаңтар 2019 11:42

Нью-Йорк тұрғыны 10 мың доллары бар сөмкені тауып алып, оны қазақстандық әйелге қайтарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© CBSN © CBSN

Нью-Йорк тұрғыны ішінде 10 мың доллары болған сөмкені жоғалтып алған қазақстандық Айя Төлемағанбетоваға ақшасын қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CBS New York басылымына сілтеме жасап.


Нью-Йорк тұрғыны ішінде 10 мың доллары болған сөмкені жоғалтып алған қазақстандық Айя Төлемағанбетоваға ақшасын қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CBS New York басылымына сілтеме жасап.

Қазақстандық әйел сөмкесін желтоқсанда метрода жоғалтып алған екен. Басылымның мәліметінше, әйел ол ақшаға балаларына жаңажылдық сыйлықтар алмақшы болған.

Нью-Йорк тұрғыны сөмкені метродағы платформалардың бірінен тауып, оның иесін іздестіре бастаған. Сөйтіп ол қазақстандық әйелді 10 қаңтарда бір-ақ тапты.

"Ричард - өте адал адам, ол менің Америка Құрама Штаттарындағы адамдардың өмірі жайлы түсінігімді өзгертіп жіберді", - дейді сөмкенің иесі Тулемағанбетова.

Қазақстандық әйел ондағы мың доллар ақшаны балаларға қайырымдылыққа жұмсаса, Ричард Тавернге "Алтын адамның" мүсіншесін сыйлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети