19 қаңтар 2015 20:13

Нью-Йорк тұрғыны ұшатын беймәлім нысанды видеоға түсіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Youtube.com ©Youtube.com

Нью-Йорк тұрғыны ұшатын беймәлім нысанға ұқсас аппаратты видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Mirror басылымы. Автордың айтуынша, видео қаладағы саябақтардың бірінде түсірілді. 


Нью-Йорк тұрғыны ұшатын беймәлім нысанға ұқсас аппаратты видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Mirror басылымы. Автордың айтуынша, видео қаладағы саябақтардың бірінде түсірілді. 

Ер адам ұшатын беймәлім нысанды ұялы телефонының камерасына түсірген, бірақ ол бірнеше секундтан кейін өшіп қалды. Беймәлім нысанға жақын жерде құстар ұшып жүргені айтылады. Видеодан фантастикалық фильмдердегі ұшатын аппараттарға ұқсас нысанның ауада қалықтап тұрғанын байқауға болады. 

Видеоны түсіру барысында автор "Мынаның не екенін түсіндіріп беретін адам бар ма?" дейді. Роликке жазылған пікірлерінде қолданушылар бірнеше болжам айтады. Олардың ішінде ақылға қонымды екі нұсқа бар: ұшатын дрон немесе қарапайым видеомонтаж.

Бұған дейін 1969 және 1971 жылдары Айдың беті түсірілген суреттерде беймәлім нысандардың табылғаны жайлы хабар тараған еді. Суреттерді "Аполлон-12" және "Аполлон-15" америкалық аппараттың экипаж мүшелері түсірген. Бастапқы кезде сарапшылар беймәлім нысанды "Индевор" кемесі екен деп ойлап қалған. Бірақ кейін кеменің мүлдем басқа екені анықталады. Жұмбақ нысанды бірінші болып Желіде Streetcap1 деген атпен танымал виртуал археолог тауып, Youtube желісіндегі өз парақшасына салды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети