"Ол мені бірінші кездесуде-ақ жаулап алды" - Шоқан Маратұлы мен Анель Баталова Алматыда үйлену тойын өткізді

20 Мамыр 2017, 11:06
1
"Ол мені бірінші кездесуде-ақ жаулап алды" - Шоқан Маратұлы мен Анель Баталова Алматыда үйлену тойын өткізді -

Алматыда "All давай" әншісі Шоқан Маратұлы мен Райымбек Баталовтың қызы Анель Баталованың үйлену тойы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үйлену тойы Көк-Төбедегі мейрамханада болды.

Неке қию рәсімінің алдында беташар өтті. Қалыңдық қазақтың дәстүрлі көйлегінде және сәукеледе болды. Бірақ беташар рәсіміне жастардың ата-анасы мен жақындары ғана қатысты.

Ал кейнінірек неке тіркеу рәсімі өтті. Жастар бір-біріне ант берді. Айта кетейік, неке қию рәсімін Айгүл Бабаева жүргізді.

Шоқан Маратұлының айтуынша, ол қалыңдығы Анельмен жұмыста танысты. Жастар жарты жыл уақыт кездескен. Осы уақыт аралығында жас жұбайлар өмір бойына бірге болуды қалайтындарын түсінген.

" Біз жұмыс бабында жүріп таныстық. Шынымды айтсам, бұл мен үшін күтпеген жағдай болды. Ол кезде мен ештеңе ойлаған жоқпын, өз жұмыстарыммен жүрдім. Бірақ оны алғаш рет көріп, сөйлескеннен кейін мен оның байсалдылығын, сөйлеу мәнерін, сұлулығын және ақылды екенін байқадым. Ол мені бірінші кездесуде-ақ жаулап алды. Кейін мен оған жұмыс бойынша бір кездесуі белгіледім. Сосын тағы да бірнеше рет кездестік, әр кездесу сайын оның расында да мен үшін ерекше қыз екенін және оны қайта-қайта көргім келетініне көзім жетті. Осылайша біз сөйлесе бастадық. Қуанышымызға орай, оның да мені ұнататынын түсіндім" , - дейді Шоқан Маратұлы.

Айта кетейік, қалыңдықтың жасы 23-те. Ол Алматыға жақында шетелден оқудан келген екен.

Үйленеу тойына 500-ден аса қонақ келді, олардың ішінде бизнесмендер мен саясаткерлер де бар. Сондай-ақ, тойға ресейлік белгілі әнші Валерий Меладзе келген. Той ұйымдастырушыларының айтуынша, үйлену тойына шақыру билеттерін Гүлнарам деген шеберге тапсырыс беріп жасатқан. Керең әрі мылқау қыз осындай шақыруларды өсімдіктен жасайды. Ол өсімдікті отырғызса, гүлдер өсіп шығады екен.

Еске сала кетейік,  14 сәуірде "All Давай" әншісі Шоқан Маратұлының Райымбек Баталовтың қызына үйленетіні жайлы хабарланған болатын. "Қарапайым қыз, шоу-бизнеске қатысы жоқ, әнші емес. Тойды Оразаға дейін, мамырдың соңында өткізгіміз келеді", - деген еді Шоқан Маратұлы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай