Өскеменде кассир 10 мың долларды қоқыс шелегімен банктен алып шығып, ақшаны жоғалтып алды, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Өскеменде кассир 10 мың долларды қоқыс шелегімен банктен алып шығып, ақшаны жоғалтып алды, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Басылымның мәліметінше, банктердің бірінің қызметкері 10 мың долларды қолды қылуды ұйғарған. Әйел бақылау камерасына түсіп қалмау үшін ақшаны жұмыс орнынан қоқыс шелегіне салып алып шығыпты.
"Ақшаны қайта есептеу кезінде 31 жастағы кассир бақылау камерасын арқасымен жауып отырып, 10 мың доллар ақшасы бар буманы жерге лақтырған. Кейін ол бір бума ақшаны қоқыс шелегіне салыпты. Біраз уақыттан кейін ол шелекті алып дәлізге шықты, ол жерде камера болмаған, әйел сол жерде ол бір бума ақшаны сөмкесіне салып алды", - делінген жарияланымда.
Ақшаның жетпейтінін байқаған басшылық тексеру жүргізіп, әйелдің қылмысы әшкере болды. Бірақ әйел сот алдында келгенде ақшаны үйге қайтып бара жатып жоғалтып алғанын айтты. Оның сөзіне қарағанда, біреулер ұрлап алғанға ұқсайды. Алайда әйел шығынды өз еркімен төлеп берді. Сот оның үш баласының бар екенін ескеріп, жазаны жеңілдетті.
Айта кетейік, бұрынғы кассир шартты түрде бес жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға таяуда Шығыс Қазақстанда болды. Ол кезде 90 миллион теңгені қолды қылған ұрылар ақшаның жартысын таксиде ұмытып кеткен болатын.