Шығыс Қазақстанда 90 миллион теңгені қолды қылған ұрылар ақшаның жартысын таксиде ұмытып кетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© yk-news.kz © yk-news.kz

Шығыс Қазақстанда 90 миллион теңгені қолды қылған ұрылар ақшаның жартысын таксиде ұмытып кетті, - деп хабарлайды YK-news.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстанда 90 миллион теңгені қолды қылған ұрылар ақшаның жартысын таксиде ұмытып кетті, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Порталдың мәліметінше, 90 миллион теңгені бұрын сотталған жігіттер қолды қылған. Күдіктілер ақшаның жартысын өз керектеріне жұмсап, екі миллион рубльге жуық ақшаны таныс қызға сыйлаған, ал қалған ақшаны таксиде ұмытып кетіпті.

"26 тамызда полицияға Березовка ауылының тұрғыны арызданды, ол жергілікті шаруа қожалығының иесі. Әйел үйінен ақша мен бағалы заттардың ұрланғанын айтқан. 155 мың евро, 150 мың доллар, үш миллион рубль, сонымен қатар, шамамен жарты миллион теңге тұратын алтын бұйымдар ұрланған", - делінген жарияланымда.

Полицейлер күдіктілерді бұрын сотталғандардың арасынан іздеп, бесінші тәулікте екі жігітті ұстады, олар өз кінәларын мойындады. Олардың бірі - 25, екіншісі 30 жаста. Біріншісі қарақшылық үшін, ал екіншісі ұрлық үшін сотталған. Сонымен қатар, олардың бірінің осыдан бір жарым ай бұрын ғана түрмеден шыққаны анықталды.

Ақпарат құралының мәліметіне қарағанда, полицейлер қолды болған қаржының 80 пайызын ғана тәркілеген. Жігіттер қалған сомаға қымбат техника, киім-кешек пен ішімдік сатып алыпты. Сонымен қатар, таныстарына таратқан, әсіресе қыздарға мұндай сыйды жиі жасаған көрінеді. Күдіктілердің танысы 1 миллион 700 мың рубльді полицейлерге өз еркімен тапсырды. Одан бөлек, жергілікті такси жүргізушісі көлікте қалып қалған 105 мың евро мен 40 мың долларды полицейлерге әкеліп берді. Айта кетейік, бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды, күдіктілер аудандық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторында отыр. Тәртіп сақшылары олардың басқа қылмыстарға қатыстарының бар-жоғын анықтап жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.33  course up  619.98  course up  6.8  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer