18 тамыз 2019 12:39

Парашют ашылмай қалды. 1500 метр биіктен сәтсіз секірген әйел аман қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канадада әйел адам парашютпен сәтсіз секіріп, аман қалды, - деп хабарлайды Newsweek.


Канадада әйел адам парашютпен сәтсіз секіріп, аман қалды, - деп хабарлайды Newsweek.

Оқиға Квебек қаласына жақын маңдағы Труа-Риверьеде болған. Секіру кезінде 30 жастағы әйелдің парашюті ашылмай қалған, ол қосымша парашютті ашпақшы болған, алайда ол да іске аспаған. 

Әйел орманға құлаған. Ол ағаш бұтақтарына ілініп қалып, өлімге алып келетін ауыр жарақаттардан аман қалған. Қазіргі уақытта ол ауруханада көптеген дене жарақаттарымен жатыр. Біршама жері сынған. 

Жергілікті полиция мәліметінше, экстремал әйел парашютпен секіріп жүргеніне біраз уақыт болған. Куәгерлер оның осыншама биіктіктен құлап, аман қалуын ғажайып деп есептейді. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети