1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Павлодарда автобустағы орынға таласқан жолаушылар айыппұл төлейтін болды 25 қыркүйек 2015, 15:04

Екі жолаушы орынға таласып, бірін-бірі балағаттаған.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Павлодар облысында қоғамдық көлікте орынға таласып, балағат сөздер айтқан жолаушыларға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ертіс аудандық сотына сілтеме жасап.

Соттағылардың айтуынша, ер адам мен бір әйел автобус аялдамасында сөзге келіп қалған. Қоғамдық көлікке отырғаннан кейін екеуі алдағы орынға таласып қалыпты. Екі жолаушының арасындағы ұрыс-керіс бірін-бірі балағаттауға дейін жеткен.

"Сот Ертіс ауданының тұрғындарын әкімшілік құқық бұзды, ұсақ бұзақылық жасады деп айыптады. Бұл құқық бұзушылық үшін 10 АЕК көлеміндегі айыппұл қарастырылған, ол 19 820 теңгеге тең", - деді соттағылар.

Айта кетейік, екі адамға қатысты соттың қаулысы заңды күшіне енді.



Join Telegram