02 сәуір 2020 17:55

Павлодарда үшем дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда үшем дүниеге келді , - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.


Павлодарда үшем дүниеге келді , - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Оның екеуі қыз, біреуі ұл бала екен. Нәрестелердің денсаулығы жақсы. Қазір олар перзентхананың интенсив терапия бөлімшесінде жатыр. Үшемнің анасы Светлана Арсланова осы қуанышты сәтті 10 жыл күткенін айтады. Сәбилеріне Богдан, Диана, Алина деген есім беріпті.

"Жолдасым жеке кәсіпкер, екі жақтың да ата-әжелері бар. Сондықтан үш баланың күтіміне алаңдамаймыз", – дейді ол.

Бұл биыл өңірде дүниеге келген алғашқы үшем екен.

"Перинаталдық орталықтың дәрігерлеріне алғысым шексіз. Балаларымның да, өзімнің де денсаулығым жақсы. Ешқандай асқынулар болған жоқ. Үйімізге шығатын күнді асыға күтіп отырмыз", - дейді үшемнің анасы Светлана Арсланова.

"Операция сәтті аяқталды. Балалар мерзімінен бұрын туған соң, жағдайлары орташа ауыр деңгейде деп айтамыз. Неонатолог дәрігерлер қарап жатыр. Салмақтары әртүрлі. Қыздардың біреуінің салмағы – 1 келі 500, екіншісі – 1 келі 800. Ұл бала ірілеу, 2 келі. Бәрі жақсы болып кетеді деп үміттенеміз", - дейді Перинаталдық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Жаңылай Қапанова.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети