16 ақпан 2022 10:22

Павлодарлық зейнеткер пәтерін қоқыс үйіндісіне айналдырып жіберген

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©poiskoviki_pavlodara_vita/instagram ©poiskoviki_pavlodara_vita/instagram

Павлодарлық зейнеткер пәтерін қоқыс үйіндісіне айналдырып жіберген. Бөлмелерде шүберектер, консерві, сөмке мен тамақ қалдықтары үйіліп қалған. Әжей белсенділер көмегіне үзілді-кесілді қарсы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарлық зейнеткер пәтерін қоқыс үйіндісіне айналдырып жіберген. Бөлмелерде шүберектер, консерві, сөмке мен тамақ қалдықтары үйіліп қалған. Әжей белсенділер көмегіне үзілді-кесілді қарсы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зейнеткерді жергілікті еріктілер тауып алған. Көршісінің айтуынша әжей тамаққа ақша сұрап келген.

"Бұл әже туралы бұрын да бізге айтылған, бірақ ол еріктімізді қуып жіберген еді. Бүгін қайта баруды ұйғардық. Үйге барғанда көргенімізге таңғалдық. Қоқыс арасынан оны әзер таптық", - дейді "Павлодар іздеушілері "Vita" қоғамдық бірлестігі өкілдері.

Үй қоқыс пен қалдыққа толы. Бірақ зейнеткер мүлде ұялмайды. Үй иесі бәрі жақсы және қажетінің бәрі бар екенін айтқан. Әжей көршілерінен ештеңе сұрамағанын, аш қалмағанын, бірақ белсенділер әкелген түскі ас пен тамақтан бас тартпайтынын айтты.

"Өтірік, мен ештеңе сұрамадым. Қолда барды жеймін. Қарным ашпайды, тоңазытқышты жөндеуге бердім. Ұлым, қызым бар, зейнетақы аламын. Ал мынаның бәрін жинаймын", - деп сендірді зейнеткер қоқысты нұсқап.

Үй тұрғындары зейнеткердің пәтеріне бірнеше рет шағымданып, өздері үйді қоқыстан тазартып беруді ұсынған. Бірақ нәтиже болмаған.

"Көршілерге, әрине, обал. Пәтерді айтпағанда, кіреберісте сұмдық сасық иіс бар. Әже барлық қоқысты үйге жинай береді. Біз тазалауға көмектесейік дедік, бірақ ол бас тартты. Шамасы, өзі осылай өмір сүргісі келеді. Әлеуметтік қызметкердің көмегінен де бас тартады. Біздің мәлімет бойынша, оның төрт баласы бар. Әжей зейнетақы алатынын айтты, дегенмен, біздің білуімізше, карточкасы ұлында. Ал әже үнемі жалынып-жалпайып, бөтен адамдардан тамақ алып беруін сұрап жүреді", - дейді еріктілер.

Әлеуметтік белсенділер зейнеткердің деректерін әлеуметтік қызметке тапсырған.

"Біз бұл дерекпен айналысып жатырмыз. Ертең біздің әлеуметтік қызметкерлер учаскелік полицейлермен бірге мекенжайға барып, жағдайды пысықтайды. Барлық мән-жайды анықтаймыз", - деді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гүлбарам Белиалева. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети