Поэманы жаттауға қиналып отырған оқушының видеосы Қазнет қолданушыларын күлкіге қарық қылды 02 ақпан 2016, 18:45
Интернетте Рамазан есімді бірінші сынып оқушысының үй тапсырмасын орындауға қиналып, жылап отқан сәті түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды TengrinewsTV.
Көзі жасқа толған бала Александр Пушкиннің "Руслан және Людмила" поэмасынан үзінді жаттауға қиналып отыр. Оның айтуынша, поэма бастауыш сыныбында оқитындар үшін тым күрделі. Оқушы орыс классигінің шығармасын жаттады ма, жоқ па белгісіз. Әлеуметтік желілерде видео қызу талқыға түсті.