Полиция өкілдері Астанадағы Момышұлы даңғылында су басқан аумақта үрленетін қайықпен жүзіп жүрген екі жігітке неліктен айыппұл салғандарын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"20 тамызда шамамен кешкі сағат 19.00-лерде астаналық екі тұрғын Момышұлы даңғылының бойында үрленетіп қайықпен жүзіп жүрді. Жол-көлік оқиғасын болдырмау мақсатында олар полиция бөлімшесіне жеткізілді. Олардан жауап алынды. Екі тұрғын көңіл көтеру мақсатында осылай жасағандарын айтып түсіндірген. Екеуіне қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады полиция өкілдері.
Іс материалдары Астананың мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Сот оларға 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (12 025 теңге) айыппұл салды.
"Ол аумақты басқару қиын, онда көп ереже бұзушылықтар жасалған. Астаналық екі тұрғынның салдарынан түрлі жағдайлар болар еді. Олардың әрекеті басқа тұрғындардың өміріне қауіп төндірді", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.
Еске сала кетейік, тамыздың 20-21 күндері Астанада жеті айлық көрсеткіш мөлшерінде жаңбыр жауған болатын. Соның салдарынан жолдарды су басып, кептелістер болды. Куәгерлер оталмай қалған автобустар мен қайықпен жүрген адамдардың видеосын Желіде жариялаған еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram