Президент Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өтіп жатқан эстафетаға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өтіп жатқан эстафетаға қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Абай шығармаларын оқу эстафетасын кішкентай Ләйлімнен қабылдап, өзі де жалғастырғанын білесіздер. Бұл бастама қазір жалпыхалықтық сипат алды. Тағылымды эстафетаны әйгілі өнер тарланы Досхан Жолжақсыновтан қабылдап алған Президент Әкімшілігінің Басшысы Қырымбек Көшербаев Ұлы ақынның масылдық туралы ой-пікірлерінен үзінді оқыд", - деп жазды Президенті баспасөз қызметнің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында.
Қазақ ғылымының майталмандары, академиктер Төрегелді Шарманов пен Асқар Жұмаділдаевқа және мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаеваға жолдады.
Айта кетейік, Абайдың өлеңдерін оқу эстафетасын 9 жастағы оқушы Ләйлім Шырақ бастап, оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын. Президент ұлы ақынның "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін оқып, эстафетаны білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.
Кейін эстафетаны қабыл алған үшеуі де Абайдың туындысын оқып, челленджді әрі қарай жалғастырған. Бүгінге дейін эстафетаны қабыл алған еліміздің шоу-бизнес жұлдыздары мен шенеуніктері ұлы ақынның туындыларынан үзінді оқыды. Ресейлік композитор Игорь Крутой да Димаш Құдайберген жолдаған эстафетаны қабылдап, Абайдың бір өлеңін оқыған еді.