Президентке хат жазған бала Алматыда эксперимент жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президентке хат жазған бала Алматыда эксперимент жасады TengrinewsTV видеосынан скриншот

TengrinewsTV аялдамада тоңып отырған бала туралы норвегиялық атақты экспериментті қайталап көрді. Сюжет бойынша бала сырғанақ теуіп жүргенде оның сөмкесі мен сырт киімдерін біреулер ұрлап кетеді, баланың үстінде - жалғыз кофта, ол ата-анасын күтіп, Алматының адам көп тұратын ауданындағы аялдамада тоңып отырған кейіп танытады. Алматылықтар "қатты тоңып қалған" балаға бейжай қараған жоқ, эксперимент нәтижесі қоғамда өзгелерге қол ұшын тигізетіндердің бар екенін айқындап берді.

Бір сағаттың ішінде тоңып отырған баланың қасынан 200-ге жуық адам өтті. Әрбір 5-10 минутта олардың біреуі суықтан қатты тоңып отырған балаға назар аударды. Бір сағат болған түсірілім барысында он адам балаға көмекке келді. Олардың көбі баланы жылы жерге апармақшы болды, енді бірі полиция шақырып, біреулері күртесін шешіп беріп, баланы жылытуға тырысты. 

Айта кетейік, экспериментке қатысқан балаға суық тиген жоқ, баланың есімі - Ержан, 10 жаста, бұл бала туралы бұған дейін жазылған болатын. Ол Елбасыға хат жазып, оны туған күніне шақырған еді. Нұрсұлтан Назарбаев ол хатқа жауап берді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети