Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Назарбаев 10 жастағы балаға хат жазды

03 Қараша 2014, 12:41
0
Нұрсұлтан Назарбаев Ержан Исабаевпен. ©Әлеуметтік желілер
Нұрсұлтан Назарбаев Ержан Исабаевпен. ©Әлеуметтік желілер

Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзін туған күніне шақырған 10 жастағы баланың хатына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Ержан Исабаев екі жасында Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен. "8 жылдай уақыт бұрын Наурызбай батырға ескерткіш ашылып жатқан, сол кезде біз Ержан екеуміз шараға келдік. Сөйтсек ашылу салтанатында Президент Нұрсұлтан Назарбаев болыпты. Ол бізге жақындап келіп, Ержанды көтеріп алды, мен "Бата беріңіз" дедім. Бізді суретке түсіріп алды. Кейін осы суретфорумдар мен БАҚ-тарда жиі қолданылатынын байқадық", - деді баланың әкесі Бауыржан Исабаев.

"21 қазанда бала он жасқа толды. Оның алдында қалай тойлайтынымызды, кімді шақыратынымызды ойластырдық - сыныптастарды, көршілерді. Сонда Ержан маған: "Әке, менің туған күніме Президентті шақырайықшы, бұл үшін не істеу керек?" деді. Сен өз достарыңды қалай шақырасың? Шақыру қағазын жібересің, оған да жаз", - дедім мен. Ержан біздің үлкен ұлымыз Нұржанмен бірге балалар бөлмесіне жүгіріп кетті де, 40 минуттан кейін маған хатты әкеп берді. Мен таңғалдым. Келесі күні біз "Қазпоштаға" бардық, Ержан "Президентке арнайы берілсін" деп жазып берді", - деді Бауыржан Исабаев.

Бала Мемлекет басшысына әрқашан да өзінің ағасымен бірге көмекке келуге дайын екенін жазды. 

"Осыдан кейін хаттың жеткені туралы айтып, телефон арқылы хабарласты, Президенттің жауап хаты Алматы әкімдігіне, одан соң бізге жеткізілді. Қазір бала қатты әсерленіп жүр, мен оған "Президент саған жақсы оқып, алға қарауың керектігін айтты" деп айтамын, - деді баланың әкесі.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай