24 мамыр 2022 23:31

"Рекордтар кітабына енеді". 1032 оқушы бір уақытта төрт күй орындады

Назарбаев интеллектуалдық мектебінің 1032 оқушысы төрт күй орындап шықты. Енді мектеп оқушылары Гиннесс рекордтар кітабына енбек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Назарбаев интеллектуалдық мектебінің 1032 оқушысы төрт күй орындап шықты. Енді мектеп оқушылары Гиннесс рекордтар кітабына енбек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы мектептің Instagram-парақшасында жазылған. 24 мамырда елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте домбыра сабағы өтті. Оны Гиннесс рекордтар кітабына "Ең ауқымды домбыра сабағы" онлайн рекорды ретінде енгізу жоспарланып отыр.

2021-2022 оқу жылы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде домбыра сабағымен аяқталады, оған 1032 оқушы қатысады. Сабақты қосымша білім беру педагогы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған өткізеді. Оқушылар "Сарыарқа", "Балбырауын", "Еркем-ай", "Кеңес", "Жастар биі" сынды танымал күйлердің шығу тарихын баяндаумен қатар туындыларды орындады.

Guinness World Records-қа (GWR) өтінім 2021 жылдың желтоқсан айында берілген. Гиннесс рекордтар кітабының талаптары бойынша ауқымды сабақты 25-тен аса стюард пен 2 куәгер қадағалайды. Әрбір 50 қатысушыны бір тәуелсіз стюард бақылап, жазба аймағынан шыққан немесе қажетті әрекетті орындамаған белгілі топтағы кез-келген қатысушыны дисквалификациялау жұмысын жүргізеді. Куәгерлер GWR-дің сенімді өкілі ретінде қызмет атқарып, рекордтың орнауын қадағалайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NIS of Ph&M in Nur-Sultan (@phmnisastana)

Домбыра сабағын мектептің мыңға жуық оқушысының меңгеріп, ұлт аспабын тартуы әлемдегі тұңғыш оқиға. Домбыра сабағы - бір мектептен 1000-нан астам оқушы ұлттық аспапта ойнайтын әлемдегі жалғыз/алғашқы оқиға. Қазақстандық рекорд аса көрнекті жетістіктер мен бірегей құбылыстар туралы жаһандық анықтамалыққа енгізіледі деп жоспарланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети