Ресейде тұратын қазақ әже әлемнің ең қарт адамы болып танылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Елена Мелихова/РГ Елена Мелихова/РГ

Ресейдің Астрахан облысында тұратын Танзиля Бисембеева әлемнің ең қарт адамы болып танылды. Бұл туралы "Российская газета" басылымы хабарлады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің Астрахан облысында тұратын Танзиля Бисембеева әлемнің ең қарт адамы болып танылды. Бұл туралы "Российская газета" басылымы хабарлады. 

2016 жылдың 14 наурызында кейуана 120 жасқа толды. Бұл Ресейдің Рекордтар кітабына еніпті. 

Танзиля Бисембеева Исламғазы ауылында кенже баласының үйінде тұрып жатыр. Үш баласы, 10 немересі, 24 шөбересі және екі шөпшегі бар. Бисембееваның бірінші күйеуі Ұлы Отан соғысында қаза тауыпты, олардың баласы сәби кезінде шетінеп кетіпті. Бұдан кейін ол екінші мәрте тұрмысқа шығып, 53, 54 және 57 жасында үш бала босаныпты. 


Танзиля Бисембеева. © astravolga.ru

Әйелдің 100 жасқа дейін дәрігердің көмегіне жүгініп көрмегені айтылады, бірақ ғасырға толғаннан кейін көзіне ота жасатыпты. Көшеге шықпайды екен, бірақ үй ішінде өз қамын өзі жасай алатын жағдайда, тіпті әлемдік жаңалықтарды да қарап отырады. Оның жанұясы кейуананың осынша ұзақ жасауының құпиясы деп өмірге жарқын қарайтынын, табиғи өніммен тамақтанатынын және зиянды әдеттерден ада екендігін атап отыр. Туыстары зейнеткердің құр қол отырмайтынын да айтады. 

2016 жылдың наурызында Vista News басылымы Бисембееваның минималдық зейнетақы алатынын жазыпты. Оның 46 жылдық еңбек өтілі бар, бірақ расталмаған - еңбекке қабілетті заманында кітапша түріндегі құжат енгізілмеген екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro