17 желтоқсан 2018 11:09

Ресейлік актриса қазақ атасын Қарағандыдан тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/yanina_melekhova © instagram/yanina_melekhova

Беларусь пен Ресейдің белгілі актрисасы Янина Мелехова қазақ атасы Әлімбай Шахмұхамбетовті Қарағандыдан тапты, бірақ ол өкінішке қарай өмірден өткен екен. Қазақстанда Әлімбай Шахмұхамбетовтің көптеген туысы қалған, актриса олармен туыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Новый вестник" порталына сілтеме жасап.

"Менің таңғалғаным, адамдар бірден хабар берді! Барлығы да сәйкес келеді және мен атамды таптым, бірақ ол өкінішке қарай өмірден өткен екен, бірақ оның жерленген жері белгілі, ол жерге мен отбасыммен бірге міндетті түрде барамын. Көптеген туысым пайда болды. Қазір Жаңа жылға қарсы спектакльде премьераларым, түсірілімдерім көп болғандықтан Қазақстанға бара алмаймын. Бәлкім, туыс әпке, ағаларым бізге, Мәскеуге қонаққа келер. Мен қазақ радиосына, "Бармысың бауырым?" бағдарламасына, "Қазақстан" ұлттық телеарнасына, "Қазақстан" ТРК жүргізушісі Қымбат Досжанға, қарағандылық "Новый вестник" порталына, қоғам қайраткері Данияр Айсаға шын жүректен алғысымды айтамын. Олардың барлығы атамды іздеуде кең пейілмен көмектесті", - деді актриса.

Еске салайық, қарашада Янина Мелехова атасын табу үшін Қарағандыға бейресми сапармен келді. Оның айтуынша, өткен ғасырдың 50-жылдары қарағандылық сарбаз Беларусь елінің Борисов қаласында әскери борышын өтеген. Белгісіз себептермен 1954 жылы жоғалып кетіпті. Содан бері одан хабар болмаған. "Менің аталарым қазақ және мен оған сенемін. Менің әкем қой көзді және қараторы, мен де қой көздімін. Әлімбай Шахмұхамбетов деген есімді ойдан шығару...", - деді актриса.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети