Рус, красавчик! Бұзақылардың сазайын берген жігіт оқиғаның мән-жайын айтты

18 Шілде, 14:29
2
Рус, красавчик! Бұзақылардың сазайын берген жігіт оқиғаның мән-жайын айтты - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Ақтау қаласының 22 жастағы тұрғыны Руслан Мұханбетқалиев әрекетімен бүкіл елге танылды. Досы камераға түсіріп тұрған уақытта ол бір өзі үш адамға қарсы тұрып, ұрылардың ойлаған ісін жүзеге асыруын тоқтатты. Руслан сол күні қандай жағдай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Руслан Мұханбетқалиев әрекеті Желі қолданушыларын тәнті етті. Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі көптеген пабликтерде жарияланды. Онда ол үш адам бір жігітке жабылып жатқан жерінен араласып, қаскөйлердің қашуына дейін апарған.

Руслан досымен бірге отырған уақытта жанжалдасқан адамдардың дауысын естігенін айтады. 

"Досымыз екеуіміз үйде отырғанбыз. Сыртта бірдеменің болып жатқанын естідік. Үйдің балконына шыққанымызда төбелес болып жатқанын көрдік. Досыма төменге түсіп, жігітке көмектесейік деп ұсыныс тастадым. Бірақ өзім баруды шештім, ал досым болса видеоға түсіріп отырды", - дейді Руслан Мұханбетқалиев

Ол осы жағдайда басқа әрекетке бара алмайтынын айтты. 

"Бірнеше адамның жалғызды тепкілеп жатқанына қарап тұра алмадым. Кіріп бардым да, қолымнан келгенді істедім. Жағымнан соққы алып та үлгердім, бірақ көмектесе алдым. Таяқ жеген жігіттің айтуынша, оның қалтасында телефон мен қомақты қаражат болған, қаскөйлер соны тартып алмақшы болса керек", - деді атышулы видеоның кейіпкері. 

Руслан сол күні кешкі уақытта (2-ші ықшамауданында) үйінің алдында белгісіз адамдар айналшықтап жүргенін айтады. 

"Кек алуға келген болар деп ойладым. Сыртқа шығып жан-жағыма қарадым, барлығы дұрыс екен, ешкім де келіп тиіспеді. Мен бұл жолы да оларға сазайын берер едім, бірақ бір топ адамның жалғызға жабылғаны дұрыс емес. Сол кезде мен бір жігіттің артынан қуалап кеттім, полицейді көріп қалып, оқиға жайлы айттым. Олар ұсталады деп үміттенемін", - деді Руслан. 

Жігіт бұрындары айкидо мен стрит-воркаутпен айналысқанын айтады. Соңғы уақытта брусьяда жаттығып, турникке тартылады екен. Осылар оған айтарлықтай көмектескен. 

"Мұндай оқиғалар бұрындары да болған, бірақ "жұлдыз" болған емеспін. Мен қарапайым жұмысшымын, көлікке газ қондырумен айналысамын. Әр кім жүрек қалауымен жүргені дұрыс деп ойлаймын. Сол себепті де мен шетте тұрып қалмадым", - деп аяқтады Руслан. 

Маңғыстау облыстық полиция департаменті видеоның тексеріліп жатқанын және кінәлілер жауапқа тартылатынын айтқан. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай