13 тамыз 2020 11:07

Сардар, Амели, Раяна. Алматыда балаларға жиі қойылатын есімдер аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Flickr Фото: © Flickr

Биыл Алматыда балаларға ең көп қойылған есімдер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Биыл Алматыда балаларға ең көп қойылған есімдер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық Әділет департаментінің Tengrinews.kz тілшісіне берген мәліметі бойынша, биыл туған балаларға Сардар есімі жиі қойылған екен. Осы есіммен 120 бала тіркелген.

Жиі қойылатын есімдердің тізімінде екінші орнында Абай тұр. 110 сәбиге осы есім берілген. Кейінгі орындарда Хан (102), Әмірлан (97), Мүслім (70), Бейбарыс (50), Нұртілеу (40), Хақназар (32) есімдері тұр.

Ұл балалар арасында сирек кездесетін есімдер де бар. Олар - Нұрперзент, Салах, Ержәнібек.

Ал қыз балаларға жиі қойылған есімдер тізімінде Аяла (210), Хадиша (110), Асылым (101), Айкөркем (91), Амели (82), Медина (80), Раяна (50), Томирис (52). Ал сирек кездесетін есімдер - Елнара, Имран, Марфуға, Төре, Зайран, Осман, Айбарыс.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети