Серіктестен материал

Семей қаласының тұрғыны TeleBingo-дан 21 миллион теңге ұтып алды

19 Сәуір, 16:25
0
Семей қаласының тұрғыны TeleBingo-дан 21 миллион теңге ұтып алды -

13 cәуірде SuperBingo ойнатылымының жеңімпазы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көлемі 21 800 457 теңгені құрайтын ірі Джекпот Семей қаласының 47 жастағы тұрғыны үшін мүлдем күтпеген жағдай болған.

"Мен ойынға аса беттелмей, кездейсоқ билетті онлайн сатып алуға бел будым. Негізі, бұдан бір апта бұрын алғаш рет билетті онлайн алып көріп, 3 мың теңге ұтып алғанмын. Сондықтан тағы да бағымды cынап көрейін дедім, бірақ, шынымды айтсам, ұтамын деп үміттенген жоқпын. Оған қоса, 13 сәуірде өткен TeleBingo ойнатылым нәтижесі бойынша эфирде жеңімпаз Алматы қаласының тұрғыны деп хабарлады. Бұл онлайн билеттер Алматы арқылы сатылатын болғасын шығар, білмеймін. Бірақ мен ештеңе етпейді, келесіде жолым болады деп шештім. Сол себепті ұтыс туралы СМС-ті көріп, билетті тексеріп, бас жүлде менікі екенін білгенде қатты таңғалдым", - деп бөлісті Әлия (жеңімпаздың есімі оның сұранымы бойынша өзгертілген).

Әлия лотереяны 6 жыл ойнап келеді. Ол әйтеуір бір күні жолы болатынына сенгенін мойындайды. Үй іші - жұбайы мен қызы бұрын оның лотереяға қызығушылығын қолдамайтын, ал қазір шаттанып, жоспарлар құруда.

"Жоспарлар өте көп. Бірақ, әрине, біз ең алдымен үй мәселесін шешкіміз келеді, үлкенірек үй алсақ дейміз. Ақшаның бір бөлігін қызым мен оның күйеуіне бергіміз келеді. Барлық отбасымыздың қуанышында шек жоқ. Осыған дейін ірі ұтыстардың бәрі тек Алматы мен елордамызда деп ойлатынмын.Ал енді олай емес екеніне көз жеткіздім. Сене білу керек, армандар орындалады!", - деп Әлия сезімін бөлісті.

Айта кететін жайт, Семей үшін бұл - "Сәтті Жұлдыз" лотереясын Қазақстан аумағында өткізу тарихындағы алғашқы ірі ұтыс. Компанияның Семей қаласындағы өкілі Александ Бушиннің айтуы бойынша, Семей қаласы тұрғынының джекпотты ұтуы барлық қазақстандықты шабыттандырған.

"Бұл ұтыс SuperBingo-ны тек мегаполисте ғана ұтуға болады деген аңызды жоққа шығарды. Себебі, бұған дейін ұтыстар ірі қалаларға кететін. Ал осы жолы Семей топты жарып шықты. Ертеректе Өскеменде 1 миллион көлеміндегі Bingo ұтысы болды. ШҚО ойыншыларының бәрі Семейліктің ұтысын ашу мен қызғанышсыз, керісінше, жылы раймен, қуана қабылдағаны қуантады. Бұл TeleBingo ойынының 17 тиражындағы 19-шы лотерея миллионері", - дейді Александр Бушин.

Естеріңізге сала кетсек, "Сәтті жұлдыз" нарықта үш жыл жұмыс жасап келеді. Ол - ҚР қаулысы бойынша қызмет ететін ұлттық лотерея операторы. Осы уақыт ішінде компания лотерея ойындарының шоғырын кеңейтті: қазіргі кезде ол үш лездік және төрт тираждық ойынның, соның ішінде TeleBingo тележобасының операторы. Қазіргі таңда 1,5 миллионнан аса қазақстандық "Сәтті Жұлдыздың" лездік және тираждық ойындарында жеңіске жеткен.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай