23 мамыр 2015 12:22

Шалқарлық шенеунік әлеуметтік желіде күлкіге қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шалқар қаласы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басшысы Аян Қорқытұлы әлеуметтік желіде күлкіге қалды. Қазақстандық телеарналардың біріне берген сұхбаты YouTube порталында жарияланды.


Шалқар қаласы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басшысы Аян Қорқытұлы әлеуметтік желіде күлкіге қалды. Қазақстандық телеарналардың біріне берген сұхбаты YouTube порталында жарияланды.

Сюжетте жергілікті такси жүргізушілері жолдың жаман екеніне шағым айтады. "Біздің ауылда жол жоқ, оны ешкім жөндемейді де, жыл сайын жолдар бұзылып, шаң жиналып жатыр. Бізде Кеңес Одағынан қалған жолдар да бар", - деді жүргізушілер.

Осы сұрақтардың жауабын алу үшін тілшілер жол құрылысы мәселелерімен айналысатын шенеунікке барды. "Бұл жылы мүлде ақша жоқ. Әйтеке би көшесін жөндеуге ақша бөлді де, қайтадан алып кетті. Қысқасы, ақша жоқ. Дәл осылай жаз, басыңды ауыртпа", - деді шенеунік. Ал соңында айтқан сөзі әлеуметтік желі қолданушыларының көңілін аударды. "Шалқар чики-чики ғой", - деді Аян Қорқытұлы.

Кейбір комментаторлар шенеунікті мәдениетсіздігі үшін айыптап жатса, кейбірі оны қалжыңбас деп атады. Кей адамдар Шалқар кезінде қылмыстық орта болғанын айтып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети