13 қазан 2020 16:18

Шетелдіктер қазақстандық 12 жастағы қыздың өнеріне тәнті болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде "Балалар Евровидениесі" байқауына қатысқан қазақстандық Қарақат Башановаға тәнті болғандардың видеосы тарады, - деп хабарлайды 24.kz.


Желіде "Балалар Евровидениесі" байқауына қатысқан қазақстандық Қарақат Башановаға тәнті болғандардың видеосы тарады, - деп хабарлайды 24.kz.

Халықаралық байқауда 12 жастағы қыз әнді марқұм әкесіне арнаған екен.

"Мен осы жылы Қазақстанды кім таныстырды екен деп ойладым, бұл осы елдің байқауға үшінші рет қатысуы. Өткен жылдары өте сапалы әндер ұсынылды, әсіресе 2018 жылы. Ал бұл жолы өте әдемі көйлек, әсерлі вокал. Ия, бұл өте әдемі. Ол өте эмоционалды", - деді Quinto ESC YouTube арнасының авторы.

"Оның таңғажайып вокалы бар, дауысы керемет. Бұл өте қарапайым, бірақ әсерлі қойылым. Менің ойымша, бәрі жақсы. Әдемі ән. Жарайсыңдар, Қазақстан, құттықтаймын",- деді eurovoxx YouTube-арнасының авторы.

"Қазақстан осы "Евровидение-2020" байқауында жеңіске жетеді деп үміттенемін. Бұл алтын вокал, ол өте жақсы қыз, жеңуге барлық мүмкіндігі бар. Мен баланың соншалық күшті, керемет өнер көрсете алатынына сене алмаймын. Маған қатты әсер етті", - деді YouTube арнасының авторы VM REACTION United.

Еске салайық, 12 жастағы Қарақат Башанова 29 қарашада Варшавада өтетін Junior Eurovision 2020 халықаралық байқауының ұлттық іріктеуінде жеңіске жетті. Жақында Junior Eurovision Song Contest ресми YouTube-арнасында қазақстандықтың қатысуымен клип пайда болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети