Шымкент әкімінің мемлекеттік қызметкерлер жайында айтқан сөзі желіде қолдау тапты

10 Тамыз 2016, 15:08
0
Шымкент әкімінің мемлекеттік қызметкерлер жайында айтқан сөзі желіде қолдау тапты - Ғабидолла Әбдірахымов. Ролик кадры.
Ғабидолла Әбдірахымов. Ролик кадры.

Басшыларға қызметкерлерін жұмыста жетіден кейін ұстамау керектігін айтқан Шымкент әкімінің сөзі желіде қолдау тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл видео бастапқыда Instagram желісінде шығып, кейін қалған әлеуметтік желілерге де таралған. Бұл, әкімнің баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, 23 маусымда қала әкімдігінде өткен мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған мерекелік шарада сөйлеген сөзі екен.

Таңғы тоғыздан кешкі жетіге дейін жұмыс уақытын тиімді пайдалану керектігін айтқан Ғабидолла Әбдірахымов басшыларға "мүмкін болса 7-ден кейін ешкімді жұмыста ұстамаңдар әрбір адамның отбасы бар, жоқ болса - болуы керек", - деді. Айта кетейік, шараға қатысып отырғандар шаһар басшысының әрбір айтқан сөзіне қолдау білдіріп, қошемет көрсетіп отырды.

Ал әлеуметтік желі қолданушылары осыған байланысты қолдау сөздер айтып, видеоны кең талқыға салды. "Көзі ашық, заманға сай, осындай басшылар өте сирек" дейді қолданушылардың бірі. Тағы бір қолданушы "Өзі де осы жолдан өткендіктен түсінеді ғой. Ризамын әкімге!" десе, бірі "Ата-анамызды құрметтейік осындай бауырларымызды тәрбиелеп дүниеге əкелген!" деп, ақ тілегін жеткізіп жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай