Шымкентте бір отбасында Мұғалімдер күнін 27 адам атап өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Себебі, Назаровтар әулетіндегі барлық жандар мұғалім болып қызмет атқарады.
Шымкентте бір отбасында Мұғалімдер күнін 27 адам атап өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Себебі, Назаровтар әулетіндегі барлық жандар мұғалім болып қызмет атқарады.
Бірінші болып бұл отбасында мұғалімдік жолды Таштан мен Досбол Назаровтар таңдаған. Олар 1960 жылы Шымкенттегі №54 мектепке мұғалім болып орналасқан. Әулеттің отағасы тарих пәнінің мұғалімі, ал оның жұбайы педагог дипломымен кітапханада жұмыс істеген. Бірнеше жылдық еңбектің арқасында Досбол Назаров оқу ісінің меңгерушісіне дейін көтерілген, ал оның әйелі өзінің 11 перзентін және асырап алған бір баласын тәрбиелеген. "Біздің мамандығымыз алдын-ала анықталып қойған. Әкеміз өзінің мамандығын әрдайым игілікті деп санап, барлық балам мұғалім болса екен деп армандаған.", - дейді Назаровтардың асырап алған қызы Күлзина.
Әкесінің жолын тек ұлы ғана таңдамаған. Ербол полиция қызметкері, дегенмен де Мұғалімдер күнінде ол өзінің жұбайын құттықтайды. Педагогикалық білім ордасына олардың да балалары оқуға барған. "Мен Ерболмен танысқан кезде қандай әулетке тап болатынымды білмедім. Күйеуім мені түсінеді, бірақ жұмысыңа көп уақыт бөлесін деп кейде айтып тұрады", - дейді Бибіжамал Назарова.
Қазіргі кезде мұғалімдер әулетін құру дәстүрге айналған. Бұл дәстүрді сақтап қалу үшін Назаровтар отбасының немерелері де педагогикалық жоғары оқу орнына барған. Отбасында Мұғалімдер күнін сызу, физика, химия, тарих, география пәндері және бастауыш сынып мұғалімдері тойлайын деп жатыр. Назаровтар отбасының бір ұлы мектепте бірнеше жыл бойы тарих пәнінің мұғалімі болып келіп, кейін кешкі түзету мекемесіне сабақ беруге бел буған. Оның айтуына қарағанда, оны әрдайым тәрбиесі қиын балаларға көмек беріп, олардың өмірін өзгерту мүмкіндігі қызықтырған екен. "Қылмыскерлер өзінің істеген ісіне өкінеді. Түрмеге қайтып оралмау үшін ол жақта бір мамандықты үйренеді. Мен оларға көмектесу керекпін", - дейді Бауыржан Назаров.
Назаровтар әулетінде ешкім де, ешқашан мамандығын өзгертуді ойламаған. Тіпті қиын жылдары да сауда-саттықпен айналысу туралы ойламауға тырысқан. Мұғалімдер күнінің алдында отбасының жалпы мұғалім болып неше жыл қызмет істегенін есептеген. Барлығының еңбек өтілін қоса есептегенде Назаровтардың отбасы осы уақытқа дейін 478 жыл оқушыларға білім беріп келе жатқаны анықталды. Еске салайық, Қазақстанда Мұғалімдер күні қазан айының бірінші жексенбісінде аталып өтеді, биыл бұл күн 5 қазанға тура келіп отыр.