Су басқан көшеде қайықпен жүзген астаналықтар айыппұлмен келіспейтінін айтты

28 Тамыз 2018, 13:59
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Астанада су басқан көшеде үрленетін қайықпен жүзіп жүрген жігіттер ұсақ бұзақылық үшін салынған айыппұлмен келіспейтіндерін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, 20 тамызда Астана қатты жауын-шашын жауған еді. Сол кезде екі астаналық үрленетін қайық алып, көше бойымен жүзіп жүрген болатын. Полиция қызметкерлері олардың бұл әрекеті үшін 12 025 теңге көлемінде айыппұл салды.

"Біз заңгермен кеңестік. Ол бізге апелляциялық шағым түсіруге кеңес берді. Әкімшілік сотқа шағым түсірдік. Өзіміздің құқығымызды қорғау керек деп шештік, себебі біздің әрекетімізде ешқандай бұзақылық жоқ. Енді шағымның қаралғанын күтеміз", - деді видеодағы жігіттердің бірі Жандос Садыбеков.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TengriNews (@tengrinewskz)

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай