30 наурыз 2022 | 10:01

Тағайындау, доллар бағамы және күннің күрт бұзылуы. 29 наурызда Қазақстанда және әлемде не болды?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент
Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Жаңа облыстардың бюджеті қандай болады? Депутаттық төсбелгісін сатуға шығарған кім? Президенттің баспасөз хатшысы қайда кетті?  Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жаңа облыстардың бюджеті қандай болады? Депутаттық төсбелгісін сатуға шығарған кім? Президенттің баспасөз хатшысы қайда кетті?  Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады. 

Берік Уәли Президенттің баспасөз хатшысы қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды. 29 наурыздан бастап Берік Уәли "Хабар" агенттігі" АҚ басқарма төрағасы қызметіне кірісті. Айта кетейік, Президенттің жаңа баспасөз хатшысы әлі тағайындалған жоқ.   

Реклама
Реклама

Енді Үкімет басшысының 5 орынбасары болады

Ерұлан Жамаубаев премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі болып тағайындалды. Жаңа қызметке сайланған Ерұлан Жамаубаев Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың бесінші орынбасары болды. 

Батыр Қазыбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

Алматыда белгілі журналист, Tengrinews.kz негізін қалаушы, Alash Media Group холдингінің басшысы Батыр Қазыбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Оған марқұмның туған-туыстары, достары, әріптестері және басқалары келді.

Оралдықтар қала әкімінің отставкаға кетуін талап етті

Оралда жергілікті тұрғындар қала әкімі Абат Шыныбековтің отставкаға кетуін талап етіп, петиция жазды. Еgov.press сайтында жарияланған петицияға 11 938 адам қол қойған. Бұл жағдай бойынша қала әкімдігі әлі түсініктеме берген жоқ. 

Депутаттық төсбелгі сатылымға шықты

Танымал қазақстандық желаяқ Марат Жыланбаев Екібастұз мәслихатының депутаты болған кезіндегі алтын төсбелгісін сататын болды. Оның сөзінше, төсбелгі бастапқы баға бойынша 100 мың теңгеге сатылады

Қазақстанда 62 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алдын ала болжамы бойынша, 2022-2025 жылдар аралығында Қазақстанда 62 миллион шаршы метр тұрғын үй салынады. Сонымен қатар, бүгін 5 201 мемлекеттік нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр, оның 2 137-сі мемлекет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Жеңілдетілген автонесие беру қашан басталатыны белгілі болды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстанда жеңілдетілген автонесие мәселесі сәуірдің аяғына дейін шешілетінін жеткізді. Сонымен қатар, ол бағаны тұрақты ұстап тұру үшін барлық шаралар қамтылып жатқанын айтты

Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары. Бюджет қалай бөлінеді?

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров өңірлерді бөлу кезінде бюджет пен мемлекеттік аппарат қалай қаралатынын айтты. Министрдің айтуынша, жаңа аймақтардың шекарасы мен халық саны нақтыланғаннан кейін өңірлер бюджеті анықталады. Бұл ретте бұрыннан бар аймақтар бюджеті қысқаратыны белгілі болды. Сондай-ақ, Қуантыров жаңа өңірлерге байланысты мемлекеттік аппарат штатын арттыру жоспарланбағанын жеткізді.

Биылғы Ораза кестесі жарияланды 

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, биыл қасиетті Рамазан айының бірінші күні 2 сәуірге тура келеді. Рамазан айы 30 күнге созылады. 2 сәуір оның алғашқы күні болса, 1 мамыр соңғы күні. 2 мамырда ораза айты басталады. Сәуірдің 29-ына қараған түн - Қадір түні.

Доллар бағамы тағы да түсіп жатыр 

Кешегі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 12,44 теңгеге төмендеп, 471,30 теңге болды. Қазір Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы 461,95 теңге, ал сатылымда - 467,26 теңге. Нұр-Сұлтандағы айырбас пункттерінде валютаны орта есеппен 459,81 теңгеден сатып алып, 465,13 теңгеден сатып жатыр.

Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды 

Украинадан 900 қазақстандық эвакуацияланды, оның 743-і Қазақстанға қайтты. Қазіргі уақытта азаматтарды ұшақпен эвакуациялау аяқталды. Ал жабық елді мекендерде қалып қойған және көрсетілген рейстермен Украинадан шыға алмаған азаматтардың өтініші жеке тәртіпте қаралатын болады. 

Сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының екі сессиясы өтеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) отызыншы және отыз бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды. Ассамблеясының отызыншы сессиясы 2022 жылғы 28 сәуірде өтсе, отыз бірінші сессиясы 2022 жылғы 29 сәуірде болады. Екі сессия да Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. 

Қазақстанның бірнеше өңірінде күн бұзылды

Төтенше жағдайлар министрлігінде ауа райының нашарлауына байланысты жедел штаб құрылды. Ауа райы жағдайына байланысты елдің біршама өңірінде жолдар жабылды. Нұр-Сұлтанда қарлы боран салдарынан бірнеше бағытқа қатынайтын автобустар қозғалысы тоқтады. Алматыда қатты жел тұрып, ағаштар құлады. Министрлік күн бұзылуына байланысты ескерту жариялап, қатты жел кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салды. 

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының С дивизионында қалды

Қазақстан өз алаңында Молдованы қабылдап, екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіске жетті. 13-минутта Молдова құрамасының ойыншысы Игорь Армаш ойындағы жалғыз голды соғып, матчті пенальтиге дейін жеткізді. Пенальтиде Қазақстан Молдованы 5:4 есебімен жеңіп, Ұлттар Лигасының С дивизионындағы орнын сақтап қалды. 

Түркияда Украина мен Ресей келіссөзі басталды 

Ыстамбұлда Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский мен Жоғарғы Рададағы "Слуга народа" фракциясының жетекшісі Давид Арахамия келіссөзді бастады. Делегациялар даулы мәселелердің барлық спектрі бойынша жұмыс істеп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная