29 наурыз 2022 22:00

Қазақстанда күн бұзылуына байланысты жедел штаб құрылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрлігінде ауа райының нашарлауына байланысты жедел штаб құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Төтенше жағдайлар министрлігінде ауа райының нашарлауына байланысты жедел штаб құрылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ деректері бойынша, ауа райы жағдайына байланысты (боран, көрінудің шектелуі) Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарындағы автожолдардың 45 учаскесінде: 24 республикалық және 21 облыстық маңызы бар жол жабылды.

"ТЖМ ахуалдық орталығында жедел ден қою және ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін республикалық жедел штаб құрылды, Штаб республикалық азаматтық қорғау қызметтерімен тығыз жұмыс жүргізіп жатыр. Бірқатар облыстада да осындай штабтар жұмыс істеп жатыр", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Азаматтардың төтенше жағдайлар мәселелері бойынша жүгінуі үшін ТЖМ жедел желісі жұмыс істейді 8 (7172) 53 32 84

Барлық жабық жол учаскелерінде ТЖД, ПД және жол қызметі қызметкерлерінен посттар қойылды. Автомобиль жолдарына (дәмхана, қонақ үй) жақын орналасқан жылыту пункттері дайындалып, іске қосылды.
Алматы қаласында, Алматы, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында қатты дауыл салдарынан шатырлар мен ағаштар құлаған, сондай-ақ электр жарығы өшкен. Зардап шеккен және қайтыс болғандар туралы ақпарат түскен жоқ.


Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

ҚР ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. 

"Азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға шақырамыз. Дауыл туралы ескерту хабарламаларына назар аударыңыз және қажетті сақтық шараларын сақтаңыз. Елді мекендер арасындағы тас жолдарына шығуды жоспарламас бұрын, алдағы қозғалыс бағыты бойынша ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеу қажет. Ағаштардан, тұрақсыз және сынғыш құрылымдардан аулақ болыңыз!", - деді ТЖМ өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети