Талдықорған маңында жүрген қасқыр ауыл тұрғындарын шошытты

15 Ақпан 2017, 11:52
0
Талдықорған маңында жүрген қасқыр ауыл тұрғындарын шошытты -

Талдықорған маңындағы Өтенай ауылында жүрген қасқыр ауыл тұрғындарын шошытты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ауылда жалғыз жүрген қасқыр күні бойы тұрғындардың үрейін ұшырып, түнгі уақытта бірақ ұсталған.

Оқиғаның мән-жайын шаруа қожалығының басшысы мен тәжірибесі бар аңшы Алмаз Дүйсенов айтып берді.

"Күндіз маған көршім хабарласып, ауылда бір қасқырдың жүргенін айтты. Мен, әрине, сенбедім. Қасқыр емес, итті көріп қалған шығар деп ойладым. Содан кешке қарай көлікпен өтіп бара жатып, ауыл маңын қарап шықтым. Ештеңе байқамай, үйге қайтып келдім. Бірақ түн ортасында үйімнің маңынан қасқырдың ұлығанын естіп қалдым. Содан қамыс жаққа қарай жүгіріп барсам, қасқыр тұр екен. Ол менен тіпті қорыққан да жоқ. Қолыма қаруды алдым да, атып жібердім", - дейді Алмаз Дүйсенов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Осыған дейін қасқырлар тек ауылдың шет жағында жүрген екен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай