24 маусым 2021 10:00

Танымал қазақстандық журналиске шетелде жасалатын қымбат операцияға көмек қажет

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК © КТК

Танымал қазақстандық журналист Елена Винокуровадан қатерлі ісік анықталды. Бұл туралы ол ауруы үшінші сатыға дейін асқынғанда білген. Бұған дейін дәрігерлер басқа диагноз қойып келген. Ауруды жеңуге біздің дәрігерлердің қауқары жетпепті. Алайда Германияда ота жасалады екен. Оған үлкен сома қажет - 64 мың еуро, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 


Танымал қазақстандық журналист Елена Винокуровадан қатерлі ісік анықталды. Бұл туралы ол ауруы үшінші сатыға дейін асқынғанда білген. Бұған дейін дәрігерлер басқа диагноз қойып келген. Ауруды жеңуге біздің дәрігерлердің қауқары жетпепті. Алайда Германияда ота жасалады екен. Оған үлкен сома қажет - 64 мың еуро, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Елена Винокурова қазір дәрігерлердің қатаң бақылауында. Карцинома жеті ай бұрын анықталған. Телеарна тілшісінің мәліметінше, бұған дейін лор дәрігерлер бір жылдай "Бұл - қабынған лимфа түйіндері, құлақтың ауыруы қауіпті емес" деп келген. Онкологтарға Елена өзі барған, биопсия жасауды талап еткен. Сол кезде қатерлі ісік үшінші кезеңге жетіп, метастаздар пайда болғаны анықталған. Ол төрт химиотерапия курсын өтті, содан кейін - сәулелік емдеу.

"Мен барлық 32 сәуледен өтіп, үшінші дәрежелі күйік алдым. Жұтқыншағым іріңдеп кетті. Қазір бір ай, бір апта өтті, әлі де ісіну бар, тамағым ауырады.Өте үлкен лимфа түйіні болды, бес сантиметр. Оған қоса аузымда, сол жағында: көмекей бездері ісінген", - дейді Елена Винокурова.

Елена ас іше алмай қалған. Одан азып ауруханаға түскен. Қазір оның тамағы: таңғы асқа бөдене жұмыртқасы және түскі асқа онкологиялық науқастарға арналған арнайы ботқа. Бірақ ең жаманы, ісік ұйқы күретамырына жеткен. 

Журналист әртүрлі елдің 11 клиникасына жүгінгені хабарланды. Ота жасауға тек Германияда келіскен. Қазақстанда қажетті жабдықтар жоқ, хирургтердің де білігі жетіспейді. 

"Елена Винокурова журналистикаға 20 жылдан аса уақытын арнаған. КТК-да жұмыс істеді. Жүрегі үлкен нәзік әйел репортажымен жүздеген адамдарға көмектескен. Оның арқасында ауыр онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар паллиативті емге қол жеткізген. Елена үш баланы тәрбиелеп өсірді. Туған қызынан бөлек, қайтыс болған қыздың ұлы мен балалар үйіндегі бір қызға қамқорлық жасайды", - делінген КТК сюжетінде.

Ол ауруды жеңе алатынына сенімді. Осыдан бес жыл бұрын Елена жатыр мойны ісігінен айырылған. Неміс мамандары карциноманы жоюға дайын. Мұндай операция 64 мың еуро тұрады. Елена пәтері мен көлігін сатып, ақшасын емге жұмсағаны да айтылды.

Kaspi Gold: 4400 4301 9102 9088 Телефоны: +7 707 288 8839

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети