05 шілде 2020 13:39

Танымал қазақстандық спорт комментаторы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Диас Омаров Диас Омаров

Алматыда белгілі қазақстандық журналист және комментатор Диас Омаров 80 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әлеуметтік желілерде спорт журналисі Галина Муленкова естіртті.

"Көрнекті спорт журналисі Диас Ілиясұлы Омаров қайтыс болды. Қоштасу рәсімі дүйсенбіде. Уақыты әлі белгісіз", - деп жазды әріптесі.

Тағы бір қазақстандық журналист Диас Махамбетов Омаровпен таныс болғанын, тіпті онымен кездескенін айтты.

"Кеңестік және қазақстандық спорт журналистикасының көрнекті мэтрі Диас Омаров қайтыс болды. Иманды болсын! Төмендегі фотода ширек бір ғасырдың көрінісі болған белгілі комментатормен бірінші және өкінішке қарай соңғы кездесуіміз", - деп жазған ол сурет сипаттамасында.

Tengrinews.kz редакциясы Диас Омаровтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети