09 маусым 2015 15:43

Темір тұлпарды айдап әкетпек болған ер адам көлікті бірнеше шақырымға дейін итеріп барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© drive2.ru © drive2.ru

Ресейде "Ока" темір тұлпарын айдап әкетпекші болған ер адам көлікті бірнеше шақырымға дейін итеріп барды, - деп хабарлайды "Российская газета". Оқиға 30 мамырға қараған түні болды. Ер адам спиртті ішімдік сатып алу үшін дүкенге бара жатып, жолай үй жанында тұрған көлікке көзі түсіпті.

Ер адам үйіне көлікпен жетіп алуды ұйғарған. Ол көліктің есігін аша алғанымен, "Ока" от алмай қойыпты. Бұл үшін ер адам абыржыған жоқ. Ол көлікті дүкенге дейін итеріп баруға бел буып, ары қарай дөңмен ылдилап, оталдырып аламын деп ойлаған. Көлікті бірнеше шақырым жерге дейін итеріп барған ер адам өтіп бара жатқандардың көзіне түсіпті. Ол күдік тудырмау үшін, көлікті сол жерде қалдырып, әрі қарай жаяу кеткен. Таңертең көліктің иесі қақпа ішіндегі темір тұлпарының жоқ екенін көріп, іздеуге шығыпты. Көлігін үйінен бірнеше шақырым қашықтықтан тапқан ол полиция шақыртады.

Жедел-тергеу тобы куәгерлерден жауап алып, бірнеше аптадан кейін күдіктіні тапты. Ер адам өз кінәсін мойындады және оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети