Түркияда жігіт үшін төбелескен қазақстандық екі қызды Мәжіліс депутаты ажыратуға тырысқан

23 Тамыз 2014, 11:09
0
Түркияда жігіт үшін төбелескен қазақстандық екі қызды Мәжіліс депутаты ажыратуға тырысқан - Фото Светлана Романовскаяның ресми сайтынан алынды
Фото Светлана Романовскаяның ресми сайтынан алынды

Парламент Мәжілісінің депутаты, Ұлттық Тұтынушылар лигасының басшысы Светлана Романовская интернет қолданушылармен Түркияда болған келеңсіз жайт жайлы ойымен бөлісті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты. 

"Біздің елдің екі қызы әзербайжандық жігітке бола жаға жыртысқанының куәсі болдым. Полиция шақырдық. Тіпті, не айтарымды білмеймін. Бүкіл қонақүй 4 күннен бері осы жағдай жайлы айтуда" - деп жазады Романовская өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында. Бұл оқиға Белек деген шипажайлы-қалада болған. 

Жазбасының астында депутат пікір білдіріп, өзі де төбелесті тоқтатпақ болып, қыздарды ажыратқанын жазады. 

"Бұл оқиға қыздардың бірінің шешесіне де оңай тиген жоқ. Мен де төбелескендерді сабасына түсіруге тырыстым (бірақ видео жоқ)", - дейді депутат. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай