16 сәуір 2019 12:42

Түркістан облысында ерекше той кортежі жүріп өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында трактор жүргізушісі өзінің үйлену тойының кортежінде трактормен жүріп өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында трактор жүргізушісі өзінің үйлену тойының кортежінде трактормен жүріп өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл аулының жастары Дархан мен Марал өткен жылдың соңында отау құрған. Отағасы Дархан биыл тойларын ерекше өткізуді ойлап, той кортежінде трактормен жүру туралы достарымен және ауылдастарымен ақылдасыпты. Бұл идеяны жігіттің жары той болардан сәл ғана бұрын білген. Босаға аттаған келіншек үшін бұл кортеж тосын сый болыпты.

"Басында ескі көлікпен шығамын деген ойым бар еді. "Москвичтерді" іздестірдім, бірақ таппадым. Сөйтіп трактормен жүру туралы ойымды айтқанда елдер күле қарады. Олай болмайды ғой, деп қарсылық білдірген. Ондай нәрсе болмаған деген де болатын. Кейіннен бәрі мені қолдап тракторларын сәндеп, ауылды аралап, ауылдың балалары алдымыздан шығып, мәре-сәре болып жатты", - дейді өз тойын ерекше үлгіде өткізген Дархан.

Дарханның өзі тракторист, МТЗ-80 маркалы тракторы бар. Ауылдағы барша тракторшылар Дарханның бұл идеясын қолдай кетіп, жастардың тойына өздерінің де үлестерін қосуға атсалысыпты. Олар да өз тракторларын сәндеп, кортеж қатарына қосылған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети