29 мамыр 2017 09:47

Ұлыбританияның экс-премьері шұлық сатып аламын деп басы бәлеге қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ұлыбританияның экс-премьері Дэвид Кэмерон Лондондағы дүкендердің бірінде кезексіз шұлық сатып аламын деп елдің назарында қалды, - деп хабарлайды РИА Новости Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Ұлыбританияның экс-премьері Дэвид Кэмерон Лондондағы дүкендердің бірінде кезексіз шұлық сатып аламын деп елдің назарында қалды, - деп хабарлайды РИА Новости Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Экс-премьер JD Sports дүкенінде жеңілдікпен сатылып жатқан шұлықтарды сатып алмақшы болған. Дэвид Кэмерон дүкенге өзінің оққағарымен бірге кассаға кезексіз өтіп кетпек болған сәтті дүкендегі келушілердің бірі видеоға түсіріп алған.

Видеоға түсірген әйел ер адамның бұл әрекетіне ашуланған. "Оған неліктен ерекше назар аударылуы керек екенін түсінбеймін, ол енді қазір премьер емес қой. Бұған қарамастан ол кезексіз бізден бұрып өтіп кетпекші болды", - дейді әйел журналистерге.

Осылайша, Ұлыбританияның экс-премьерінің әрекеті Желі қолданушылары арасында дау туғызды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети