Ургант Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі жайлы әзілдеді

14 Сәуір 2017, 13:03
0
Ургант Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі жайлы әзілдеді - © Youtube.com
© Youtube.com

"Вечерний Ургант" бағдарламасының жүргізушісі Иван Ургант қазақ тілінен латын әліпбиіне көшу мәселесі жайлы әзілдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Урганттың бұл әзілі 2017 жылдың 12 сәуіріндегі шығарылымында көрсетілді. Ұзақтығы 6 минут 18 секунд болатын видеоны Youtube хостингіндегі "Вечерний Урганттың" ресми арнасынан көруге болады.

"Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтегілерге 2017 жылдың соңына дейін латын әліпбиіне көшу жобасын даярлауды ұсынды. Кириллицадан латын әліпбиіне! Бұл дегеніміз мәтел енді басқаша айтылатын болады "Где? Где? в Кэрэганде!", - деп айтты ағылшынша акцентпен Ургант.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан Президенті "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында жыл соңына дейін латын әліпбиіне көшу жобасын даярлауды ұсынған болатын. "Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес", - деген еді Мемлекет басшысы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай