Үйлену тойында қалыңдығының интим видеосын жария еткен. Бизнесменнің кегі

06 Қазан 2017, 15:23
0
Үйлену тойында қалыңдығының интим видеосын жария еткен. Бизнесменнің кегі - © AsiaWire
© AsiaWire

Сингапурда үйлену тойында дау шықты. Күйеу жігіт қалыңдығымен түскен видеосын жариялаудың орнына оның басқа ер адаммен қонақүйде жыныстық қатынасқа түскені түсірілген видеоны той қонақтарының алдында қойып берген. Күйеуі жігіт адал емес қалыңдығынан дәл осылайша кек алыпты.

Жергілікті Zaobao сайтының мәліметінше, күйеу жігіт бизнесмен екен, ол тойға бірнеше ай қалғанда болашақ әйелін тексерсін деп арнайы агент жалдаған. Той қонақтарының алдында әбден ұятқа қалған қалыңдық той залынан жүгіріп шығып кеткен. 


© AsiaWire

Осы іспен айналысқан Ajax тергеу және қауіпсіздік қызметінің маманы клиентіне қалыңдығының ісін әшкере етіп берсе де одан тойға шақыру келгеніне аң-таң болған. Ол той үстінде ғана күйеу жігіттің дәл осылайша кек алғысы келгенін түсінгенін айтыпты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай