1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

YouTube-те жұлдыз болған астаналық полицей өз әрекетін түсіндірді25 мамыр 2015, 14:50

Фото кейіпкердің жеке мұрағатынан алынды Фото кейіпкердің жеке мұрағатынан алынды

Youtube порталындағы бейнероликтің кейіпкері, реттеуші Жарқынбек Шонтықов қызметін орындауда әріптестеріне үлгі болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Жарқынбек Шонтықов жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өз міндеті екенін айтты. "Бұл біздің жұмысымыз. Меніңше, бұл оқиға 16 мамырда болды. Ол кезде жаңбыр жауып тұрған. Бараев-Уәлиханов - менің учаскем. Бағдаршам істен шығып қалды, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мен қызметіме кірістім. Жаңбыр менің жұмысыма кедергі келтірген жоқ. Ауырып қалған жоқпын, бәрі жақсы", - деді ол тілшілермен әңгімелесе отырып.

Шонтықов бұл жағдайдың әріптестеріне үлгі болғанын қалайтынын айтты. "Мен роликті көрген жоқпын. Басшылықтан естідім", - деді ол.

Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, елордадағы нөсер кезінде бірнеше көше жабылып қалған. 30-ға жуық жол-патруль полиция қызметкері жол қозғалысын реттеу үшін жұмыс істеген.

Осындай жағдайлардың бірі ұялы телефонға түсірілді, кейін Интернетке жүктелді. Видеодан Астанада Бараев-Уәлиханов көшелерінің қиылысында ЖПП полкінің сержанты Жарқынбек Шонтықовтың нөсерге қарамастан жолдағы қозғалысты реттеп тұрғанын көруге болады.