Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.91
EUR / KZT - 391.17
CNY / KZT - 49.84
RUB / KZT - 5.55

Алматының акробаттары "Украина мае талант" шоуының қазылар алқасын таңғалдырды

14 Сәуір 2015, 10:38
2
@Әділет Тиканов пен Камила Құртынбаеваның жеке архивінен
@Әділет Тиканов пен Камила Құртынбаеваның жеке архивінен

Қазақстандық Әділет Тиканов пен Камила Құртынбаева "Украина мае талант" шоуында акробаттық қойылыммен қазылар алқасын таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерлі-зайыпты жұп қойылымдарында өздерінің махаббат хикаясын көрсетеді. "Мен 16 жасымда ең алғаш рет циркке келдім. Барлығы жаңа болғандықтан қатты абдырап қалдым. Барьерде Камила жатыр екен. Оның жаттықтырушымен сөйлесіп жатқанын байқап қалдым. Сол кезден бастап ол маған қатты ұнады", - деді Тиканов.

Осыдан кейін жас жұп кездесе бастап, артынша үйленіпті. Енді олар бірге өнер көрсетіп жүр. Қазақстандық акрабаттардың жарқын әрі романтикалық қойылымдары көрермендерді де, "Украина мае талант" шоуының әділ қазыларын да таңғалдырды.  Олар жас жұпты келесі кезеңге өткізуге бірауыздан шешім  қабылдады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай