Астананың жаңа әкімі жәрмеңкеде алма сатып алды

15 Қыркүйек, 14:30
0
© Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
© Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Астананың жаңа әкімі Бақыт Сұлтанов жәрмеңке кезінде Алматының алмаларын сатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанадағы "Қазақстан" спорт кешені жанында Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі басталды. Ұсынылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 470 тоннадан астам. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Астана әкімі Бақыт Сұлтанов пен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов келді.

Жәрмеңкеде барлығы 48 өнім түрі ұсынылды: ет, сүт, көкөністер, шұжық, балық өнімдері, сондай-ақ қант, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары, жеміс-жидек, бал, ұлттық сусындар. Мұнда Алматының апортын сатып алуға болады. Алматы облысының аграрийі жәрмеңкеге 15 тоннадан астам алма әкелді.


© Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, жәрмеңке 15 және 16 қыркүйек күндері өтеді. Дәстүр бойынша "Қазақстан" спорт кешенінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Алматы облысының шығармашылық ұжымы концерт қояды.

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай