04 сәуір 2016 17:00

Асылхан Төлепов пен Тәуекел Мүслім "Медеуді" қоқыстан тазалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Медеу" өңірлік табиғи паркінде өткен сенбілікке 500-ден аса адам қатысты, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Медеу" өңірлік табиғи паркінде өткен сенбілікке 500-ден аса адам қатысты, -деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенбілік барысында 1000 түп үйеңкі мен ақшаған отырғызылды. Тазалық акциясына "Медеу" паркінің қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстан шоу-бизнесінің жұлдыздары қатысты. Олардың арасында Алматы қалалық мәслихатының депутаты Асылхан Төлепов, тележүргізуші Тәуекел Мүслім және Аян Өтепберген бар.

Сонымен қатар, сенбілікке қатысушылар "Медеу" паркінің территориясын, Кіші Алматы өзенінің арнасын қоқыстан тазалады. Осы аумақтан 60 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети