Бразилия құрамасының жеңілісі Интернетте әжуаға айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилия құрамасының жеңілісі Интернетте әжуаға айналды Фанаттардың қалжыңы.

Интернет беттерін футболдан әлем чемпионатында Бразилия құрамасының Германиядан ойсырай жеңілгені туралы мемдер жаулап алды. Tengrinews.kz чемпионаттың жартылай финалындағы алғашқы кездесуден кейінгі мемдердің ең күлкілілерін жинастырды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интернет беттерін футболдан әлем чемпионатында Бразилия құрамасының Германиядан ойсырай жеңілгені туралы мемдер жаулап алды. Tengrinews.kz чемпионаттың жартылай финалындағы алғашқы кездесуден кейінгі мемдердің ең күлкілілерін жинастырды.

Жартылай финалдың алғашқы кездесуі 7:1 есебімен аяқталған болатын, бұл Бразилия құрамасы фанаттарының наразылығын туғызды, ал неміс жанкүйерлері үшін - ұлан-асыр тоймен тең. Ғаламдық желідегі әжуа-қалжыңдардың дені бразилиялық ойыншыларға арналды, бұл команданың Кака, Роналдо, Рональдиньо сияқты бұрынғы жұлдыздарының мұндай қорлықты көрмегеніне шүкіршілік етіп жатқандар бар.

Германия 11-минутта есеп ашқан еді. Бұдан 12 минут өткен кезде Мирослав Клозе көзге түсті. Бразилиялықтар алдыңғы голдардан ес жимай жатқанда Тони Кроос тағы екі допты Жулио Сезар қақпасына кіргізді. Бесінші гол 29-минутта салынды. Кездесудің екінші таймында Бразилия командасы тағы екі голды кіргізіп алды. 

Ең сәтті мемдер.

"Чайф" тобы "Аргентина - Ямайка 5:0" хитін қойып, енді "Германия - Бразилия 7:1" атты жаңа ән жазуға кірісті деп қалжыңдап жатқандар бар. 

Мирослав Клозе мундиальдардағы 16-голын салды! Ол әлем біріншіліктерінің финалдық бәсекелерінде ең көп гол салған рекордшы атанды.

 

Жартылай финалдың екінші кездесуі Нидерланды және Аргентина құрамалары арасында өтеді. Оны 10 шілде күні Астана уақыты бойынша сағат 01.45-те "Қазақстан" және KazSport телеарналары тікелей көрсетеді. ӘЧ-2014 финалы 14 шілде күні Рио-де-Жанейродағы "Маракана" стадионында болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети